Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

7 Қараша 2023, 04:32
577
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

7 қарашада Астана мен еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы