Қазақстанда пилоттық ваучерлік қаржыландыру аясында балабақша кезегі едәуір қысқарды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, кезекте тұрған екі жастан алты жасқа дейінгі балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пилоттық жоба қазіргі уақытта 20 қалада және 23 ауданда жүзеге асырылуда. Оған 6 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қатысып, 1 миллионнан астам ваучер берілді.
Бұрын балабақшадағы орынға кезек вертикальді принцип бойынша қалыптасатын, мемлекеттік тапсырыс нақты мектепке дейінгі ұйымдарға бекітіліп, қаржыландыру нақты қажеттілік ескерілмей бөлінетін.
Оқу-ағарту министрлігі мұндай жүйенің жалған контингентті тіркеуге, балабақшалар арасындағы бәсекелестікті шектеуге және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға әкеп соқтырғанын атап өтті.
Жаңа модельге тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Ол деректердің шынайылығын тексереді және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезіндегі бұзушылықтарды анықтайды.
Ведомствоның мәліметінше, пилоттық жоба барысында 35 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді. Үнемделген қаражат қосымша ваучерлер беруге бағытталады.
Министрлікте жаңа механизм іске қосылғаннан кейін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны артқанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалатынына қатысты оқу жылының жаңа кестесі жарияланды.