Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор - Абдель Монем Белати

19 Қыркүйек 2023, 12:42
471
Бөлісу:
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті зор - Абдель Монем Белати
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі алаңында «Қазақстан мен Тунис арасындағы IOFS бірлескен инвестициялық ынтымақтастық» тақырыбында өткен брифинг барысында Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Абдель Монем Белати айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абдель Монем Белати Қазақстанға өз алғысын білдіріп, сапар аясында екі елдің мүддесін қорғайтын жаңа келісімшарттар жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ, ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Тунис Қазақстанға зәйтүн егуде және инвестиция тартуда көмектеседі. Зәйтүн егу үшін көп зерттеу жүргізу қажет. Тунисте бұл салада институттар мен университеттер көп. Ал Қазақстан дәнді-дақылдар егумен ерекшеленеді. Бидай өсіруде тәжірибесі мол. Тунис пен Қазақстан осы бағытта ынтымақтастық орнатпақ, - деді Абдель Монем Белати.

Өзгелердің жаңалығы