Қазақстанның алты облысында боранға байланысты жолдар жабылды

5 Ақпан 2024, 22:04
581
Бөлісу:
Қазақстанның алты облысында боранға байланысты жолдар жабылды
Фото: Казавтожол

5 ақпан сағат 18:20-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты алты облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 4 учаске:

"Екатеринбург-Алматы" 856-917-шақырым, СҚО шек. -Жақсы а. – 61 шақырым;

"Жезқазған-Петропавл" 553-595-шақырым, Сұрған к. -СҚО шек. – 42 шақырым; Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

"Щучинск-Зеренді" 0-77-шақырым, Щучинск қ. -Зеренді а. – 77 шақырым;

"Астана-Петропавл" 18-232-шақырым, Астана қ. -Щучинск қ. – 214 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан)

Ақтөбе облысында – 2 учаске:

"Самара-Шымкент" 776-842-шақырым, ЭКО Ойл ЖҚС-Хромтау қ. – 66 шақырым; Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

"Самара-Шымкент" 842-965-шақырым, Хромтау қ. -Қарабұтақ к. – 123 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан)

Жетісу облысында – 1 учаске:

"Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (жел, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан)

Қостанай облысында – 4 учаске:

"Жезқазған-Петропавл" 252-335-шақырым, Ұлытау обл.шек. -Арқалық қ. – 83 шақырым; (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

"Екатеринбург-Алматы" 686-729-шақырым, Сарыкөл к. -СҚО шек. – 43 шақырым; (қар, жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 108-218-шақырым, Әулиекөл к. -Октябрьское а. – 110 шақырым;

"Екатеринбург-Алматы" 589-686-шақырым, Щербаково к. -Сарыкөл к. – 97 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске:

"Екатеринбург-Алматы" 729-856-шақырым, Қостанай обл. шек-Ақмола обл.шек. – 127 шақырым;

"Жезқазған-Петропавл" 595-882-шақырым, Ақмола обл. шек. -Явленка а. – 287 шақырым;

"Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" 0-119-шақырым, Волошинка а. -Тимирязево а. – 119 шақырым;

"Тимирязево-Сарыколь-облыстың шекарасына дейін" 0-31-шақырым, Тимирязево а. -облыстың шекарасына дейін – 31 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Ұлытау облысында – 1 учаске:

"Жезқазған-Петропавл" 137-252-шақырым, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 673 бірлік техника және 1285 жолшы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы