Қазақстаннан 15 млн рубльді заңсыз алып шықпақ болғандар қолға түсті

1 Сәуір 2022, 04:35
1518
Бөлісу:
Қазақстаннан 15 млн рубльді заңсыз алып шықпақ болғандар қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі «Жаңа Жол» көліктерді өткізу бекетінен өтпек болған кезде заңсыз ақша анықталып, тәркіленгенін жеткізді.

Аталған факті 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында орын алды. Шекарашылар 15 миллионнан астам Ресей рублін (шамамен 80 млн теңге) елден заңсыз алып шығару әрекетінің жолын кесті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылыққа жол бермес үшін ҚР Қаржы заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтау қажеттігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы