Қазақстанға Британияның сыртқы істер министрі келеді

13 Наурыз 2023, 16:47
1193
Бөлісу:
Қазақстанға Британияның сыртқы істер министрі келеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Астанада Джеймс Клеверли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Премьер-министрдің Әлихан Смайыловтың қабылдауында болады, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.

Айтуынша, еліміздің СІМ келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылады. Сапар аясында Астанада саябақтардың бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылуы көзделуде, - деді Айбек Смадияров. 

Өзгелердің жаңалығы