Қазақстанға 40-қа жуық компания көшіп келуі мүмкін

5 Наурыз 2024, 12:41
11699
Бөлісу:
Қазақстанға 40-қа жуық компания көшіп келуі мүмкін
Фото: автордан -архив

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов елімізге қанша шетелдік компания келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Құдайбергенов елімізде 30-дан астам елден шамамен 400 компания барын айтты.

Нақты нәтиже бар. Өздеріңіз де білесіздер, inDriver, TikTok сынды жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 компания келді. Бүгінде 37 компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әзірше қандай компаниялар екенін айта алмаймыз., - деді ол.

Вице-министр көшіп келетін 37 компанияның Қазақстанға қашан келетінін айта алмады.

37 компанияның бәрі нақты келеді деп айта алмаймын. Мүмкін одан аз, мүмкін көп болар. Бірақ, жылдың соңына дейін осы жұмысты жүргіземіз. Әр компаниямен жеке жұмыс жүргізіліп жатқанын да атап өткім келеді. Яғни, олардың нақты сұранысы бар. Шартты түрде айтар болсақ, бір компания жер учаскесін сұраса, енді бірі преференциялар, жеңілдіктер және басқаны сұрайды. 37 компанияның жалпы құны шамамен - 1 млрд доллар. Бірақ, цифр әр уақытта өзгеріп отырады, - дейді Бауыржан Құдайбергенов.

Өзгелердің жаңалығы