Қазақстандықтардың дербес деректері қатаң қорғалады: Не өзгереді?

Дербес деректерді қорғаудың жаңа тетіктері енгізілуде.

Бүгiн 2026, 15:24
АВТОР
 pixabay Бүгiн 2026, 15:24
Бүгiн 2026, 15:24
162
Фото: pixabay

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Премьер-министрге киберқауіптерге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, Министрлік дербес деректерді қорғау бойынша жұмыс жүргізілуде. Деректерді сақтаудың нақты мерзімдері мен өңдеу ережелері белгіленді. Egov Mobile мобильді қосымшасында азаматтардың дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алу тетігі енгізілді. Жеке деректерді қорғау бағытында «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Дербес деректер операторларының тізілімін құру, сондай-ақ деректердің бұзылуы туралы азаматтарды хабардар ету міндеті жоспарлануда. Конституциялық реформа шеңберінде деректердің жаппай таралып кетуіне қатысты қосымша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Мақсаты – деректерді қорғауды күшейту, азаматтардың цифрлық қызметтерге деген жауапкершілігі мен сенімін нығайту, - деп атап өтті спикер.

Жаңа шаралар дербес деректердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және олардың пайдаланылуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Еске салайық, бұған дейін Aitu мессенджері қаншалықты қорғалғаны және пайдаланушылардың деректерін қорғау үшін қандай озық технологиялар қолданылатынына қатысты министрліктің жауабы жарияланған болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Елімізде SIM-карталарды тіркеу қатаңдайды

Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың жеке деректері жария болып кеткен

Жеке деректерді таратқандар 20 млн теңгеден астам айыппұл арқалауы мүмкін

Наверх