Қазақстандықтардың алғашқы легі 28 маусымда қажылыққа аттанады

Қазақстандықтардың алғашқы легі 28 маусымда қажылыққа аттанады
562

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың алғашқы легі 28 маусымда қажылыққа аттанады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкенттен 189 қазақстандық қажылыққа барады.

Биыл қажылық уақыты маусым-шілде айларына тұспа-тұс келіп отыр. Үлкен қажылықтың уақыты 7 мен 12 шілде аралығында болады. Қазақстандықтар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабия мемлекетінің Жидда мен Мәдина қалаларына барады.


Фото: ашық дереккөз