Қазақстандықтардың алаяқтарға неге жиі алданатыны белгілі болды

14 Қыркүйек 2023, 17:27
6486
Бөлісу:
Қазақстандықтардың алаяқтарға неге жиі алданатыны белгілі болды
Фото: Нұркен Алишев - архив

Visa компаниясының зерттеуіне сәйкес, 10 қазақстандықтың 7-уі алаяқтықтарға жем болады. Жалпы халықтың 63 пайызы алаяқтықты бірден тани алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ зерттеуге сәйкес, әрбір екінші қазақстандық кем дегенде бір рет алаяқтардың қармағына түсіп, олардың 23%-ы бірнеше рет алданған.

Қазіргі цифрлық әлемде алаяқтық тәсілдері күрделеніп жатыр. Қылмыскерлер адамдарды алдау үшін жаңа тәсілдерді қолданады. Хат, мерзімі өткен ағындық қызметтерге жазылу немесе сүйікті брендке сыйлық картасы болсын — алаяқтар адамдарды алдау үшін өте сенімді тактиканы қолданады. Цифрлық төлемдер үлесінің қарқынды өсуін ескере отырып, тұтынушылардың алаяқтардың тілін түсінуі мен жоғары сақтықпен әрекет етуі бұрынғыдан да маңызды болып отыр, − дейді Чарльз Лобо, Орталық және Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы Visa компаниясының тәуекелдерді басқару жөніндегі аймақтық директоры.

Неге алданып қалады? Зерттеуге сәйкес мынандай тұжырым бар:

Мәселен алаяқтықтың бар екенін білетін қазақстандықтардың 51%-ы жақсы жаңалық келсе жауап береді, ал 40%-ы шұғыл әрекеттерді орындау туралы өтінішке жауап береді, ал өз қырағылығына күмәнданатындардың арасында сәйкесінше 49% және 41%-ы солай жасайды, - дейді зерттеуде. 

Өзгелердің жаңалығы