Қазақстандықтардың 30%-ы медициналық тексеруден өтпейді

19 Қыркүйек 2023, 17:02
732
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 30%-ы медициналық тексеруден өтпейді
Фото: Stada компаниясының баспасөз қызметі

Қазақстандықтардың көбі психологиялық денсаулығына қарағанда физикалық денсаулығына мән беретіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Еуразия» өңіріндегі STADA Вице-президенті Арминас Мацевичус биылғы халықаралық зерттеудің нәтижелерінде мәлімдеді.

Былтыр Health Rооeport есебі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің де, журналистердің де зор қызығушылығын тудырды. Бұл кездейсоқ жағдай емес, себебі есепте қазақстандықтардың өз денсаулығы туралы не ойлайтыны, денсаулық сақтаудың қандай мәселелеріне көбірек көңіл бөлетіні, Денсаулық сақтау министрлігінен не күтетіні, неден көбірек қорқатыны, қалай емделетіні және қалай демалатыны туралы ең өзекті ақпарат беріледі. Дәстүр бойынша, STADA Health Report 2023 зерттеуі халықтың мінез-құлқын, фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін және денсаулық сақтау үрдістерін тереңірек түсінуге көмектесетін деректерді қамтиды. Алынған деректер STADA компаниясының өзіне науқастар мен медицина қызметкерлерінің тілегін бұдан да жоғары көрсеткішке жеткізуге көмектеседі, яғни сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау миссиясын толық орындайды,- деді «Еуразия» өңіріндегі STADA Вице-президенті Арминас Мацевичус.

Айтуынша, биылғы есепте жалпылай алғанда 16 елдегі респонденттерден қазақстандықтарды жалпы позитив көзқарас, жалпы оптимистік көзқарас, жаңа технологияларға және диагностиканың заманауи әдістеріне ашықтық, сондай-ақ денсаулық туралы өз білімін бағалау бөлігінде өз-өзіне сынмен қарау басым екені ерекшелеп отыр.

STADA компаниясы STADA Health Report халықаралық зерттеуінің тағы бір легін ұсынды. Қазақстанда зерттеу екінші жыл жүргізіліп жатыр,- деді ол.

Зерттеу бойынша келесі нәтижелер белгілі болған:

  • Қазақстанда сұралғандардың 38%-ы денсаулық сақтау жүйесінің деңгейіне қанағаттанады (2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда +13 пункт.)
  • Қазақстандықтардың 30%-дан астамы тұрақты тексеруден өтпейді, өйткені олар өзіне не керегін және неден өтуге болатынын білмейді
  • Қазақстандықтардың 87%-ы ұйқының сапасына қанағаттанады – бұл барлық ел арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі
  • 62% Қазақстан тұрғындары өздерінің психологиялық денсаулығын жоғары бағалайды және 66% физикалық денсаулығын күтуге бейім.

Еске салсақ, зерттеу 16 елде 32 мың халық арасында жүргізілген. Оларға 44 сұрақ қойылған.

Өзгелердің жаңалығы