Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бізде кешенді бағдарлама бар. Онда әр жылға бірнеше мемлекет жазылған, сол арқылы азаматтарымыз қандай да бір елге визасыз кіріп-шыға алатындай жағдай жасап, тізімді кеңейтуге тырысамыз. Бүгінде барлық өңірлермен жұмыс істеудеміз, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Айтуынша, келіссөздер жүргізу – қызу жұмысты талап етеді.
Елімізбен келіссөзге қол қоюға қызығушылық танытып отырған елдер бар. Солардың қатарында Латын Америкасы мемлекеттерін айтуға болады. Соңғы кезде олардың елдеріне баратын қазақстандық туристер саны артуы үшін қызығушылық танытып отыр. Латын Америкасы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлігінің басшысы осы мәселелерді қарауға өтініш білдірді. Былтыр бірнеше келісімге қол жеткіздік, биыл ол тізімді одан да көбейтеміз. Сонымен қатар араб мемлекеттеріне де қызығушылық білдірген елдердің ішінде бар. Шенген аймағы бойынша да келіссөздер жүріп жатыр. ЕО мемлекеттері үшін бізде визасыз режим бар. Ендігі кезекте Шенген аймағына да визасыз бару үшін келіссөздер жүргізудеміз, - деді Айбек Смадияров.