Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа автокөліктерді есепке қоя алмайды

27 Желтоқсан 2021, 21:21
1171
Бөлісу:
Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа автокөліктерді есепке қоя алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа автокөліктерді есепке қоя алмайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа машиналарды есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз және түсіністік білдіретініне үміттенеміз, – делінген хабарламада.

Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланады.

Өзгелердің жаңалығы