Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады

15 Қаңтар 2024, 17:17
917
Бөлісу:
Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл келісімнің 6 қаңтардан бастап күшіне енгенін Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған ҚР үкіметі мен Сейшель Республикасы үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтарда күшіне енді. Келісімінің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекеттің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит немесе уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады, - деді ол.

Смадияров ҚР азаматтарының Сейшель аралдарында қанша күн бола алатынын да айтты.

Азаматтар шекарадан өткен кезінен бастап екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс. Қазақстан азаматы Сейшель аралдарында визасыз күнтізбелік 180 күннің ішінде жиынтығында 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы