Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

3 Сәуір 2019, 18:20
2587
Бөлісу:
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемнің соңғы айында қазақстандықтар 11 күн демалады. 

Биыл мамыр айының 11 күні демалыспен өтеді. Яғни, қазақстандықтар тек 20 күн жұмыс істейді. Өйткені, айдың алғашқы күні - Қазақ елі бірлік мейрамын тойлайды. 

Ал 7 мен 9 мамыр күндері Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерін атап өтеді.

10 мамыр жұмыс күніне сәйкес келіп тұрғандықтан, сол күннің жұмысы сенбі, яғни, 4 мамыр күні атқарылады. 

Жалпы алғанда, биыл қазақстандықтарды 119 күн демалыс күтіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы