Қазақстандық жас ғалым ТМД онкологтары арасындағы байқауда жеңіске жетті

28 Сәуір 2022, 15:52
1394
Бөлісу:
Қазақстандық жас ғалым ТМД онкологтары арасындағы байқауда жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтытың Онкогинекология орталығының дәрігері Сатанова Алима Ринатқызы ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының XIII Съезінде өткен жас ғалымдар байқауында ІІ орынды иеленді. 

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүрлі түрде ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының XIII Съезі шеңберінде 35 жасқа дейінгі мамандар үшін жас ғалымдар конкурсы өткізіледі. 

Биыл байқауға 7 елден 119 жұмыс берілді. Байқау финалының қорытындысы бойынша жеңімпаздар ғылыми іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлыққа тревел-гранттарға ие болады. 

Жас ғалымдар байқауының қазылар алқасының төрағасы – Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің РФ ДСМ ҮКБРМА ҚКБ ФМББМ ҚММА-филиалының директоры, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онколог-маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі Рүстем Шамильевич Хасанов.

Өзгелердің жаңалығы