Қазақстандық үш фильм бірден "Азия Оскары" номинациясын жеңіп алды

5 Қараша 2023, 01:23
2478
Бөлісу:
Қазақстандық үш фильм бірден "Азия Оскары" номинациясын жеңіп алды

Бұл туралы BAQ.KZ мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Австралияда орналасқан Asia Pacific Screen Awards беделді Азия киносыйлығы 2023 жылғы жеңімпаздардың есімін жариялады, олардың ішінде бірден үш қазақстандық фильм әртүрлі номинацияны жеңіп алды.

Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу", Дархан Төлегеновтың "Ағайындылары" және Айсұлтан Сейітовтің "Қаш" фильмдері жүлдегер атанды. Хабарламада үш фильм де режиссерлердің дебюттік жұмысы деп бағаланды.

"Бауырына салу " "Үздік жастар фильмі" номинациясын жеңіп алды. "Ағайындылар" картинасының басты рөлдерін сомдаған Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов "Үздік жаңа қойылым" наминациясы бойынша жүлдеге ие болды. "Қаш" лентасы "Үздік операторлық жұмыс" номинациясын жеңіп алды. "Бауырына салу" лентасының әлемдік премьерасы осы жылдың күзінде Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен беделді кинофестивальде "Жаңа режиссерлер" бағдарламасында көрсетілді.

"Ағайындылар" фильмі өткен жылдың қыркүйек айында Германиядағы Oldenburg International Film Festival фестивалінде "Кино рухы" сыйлығын жеңіп алды, ал биыл сәуірде Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы 2022 жылғы "Үздік драма" деп таныды. Сонымен қатар "Ағайындылар" – Италия, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Испания және Болгариядағы халықаралық кинофестивальдердің 10 марапатына ие болды.

"Қаш" фильмінің режиссері Айсұлтан Сейітов осы жазда Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.

APSA сыйлығы 2007 жылы ЮНЕСКО мен FIAPF-халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының көмегімен Австралия Үкіметінің бастамасымен құрылды. Ол жыл сайын халықаралық марапаттар арасында маңыздырақ болып келеді және кинематографиялық әлемде "Азиялық Оскар " деп аталады.

Сыйлық Азия-Тынық мұхиты аймағының 70-тен астам елінің өкілдері жасаған ең көрнекті картиналарға беріледі. Өткен жылғы жеңімпаздар қатарында 2019 жылы "Үздік режиссер" номинациясында жеңіске жеткен белгілі қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов бар.

Өзгелердің жаңалығы