5–6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясының Джидда қаласында триатлоннан U17 және U15 санатындағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарысқа 21 елден 114 атлет қатысты.
Қазақстан намысын жеті спортшы қорғады: Нұрмұхамбет Алуа, Шнейдер Калерия, Аида Ким, Шевченко Арсений, Мұрат Әлхам, Шевнин Матвей және Сейтбек Ералы.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық қатысушылар келесі нәтижелер көрсетті:
U15 Women
- 1-орын – Нұрмұхамет Алуа, 29:19
- 2-орын – Шнейдер Калерия, 29:22
Youth Women
- 9-орын – Аида Ким, 30:52
U15 Men
- 9-орын – Сейтбек Ералы, 28:25
Youth Men
- 4-орын – Шевченко Арсений, 26:57
- 5-орын – Мұрат Әлхам, 27:02
- 7-орын – Шевнин Матвей, 27:09
Осылайша, қазақстандық спортшылар U15 Women санатында бірінші және екінші орындарды жеңіп алып, қалған санаттарда да үздік ондыққа енді.
Оқи отырыңыз: