Қазақстан құрамасының спортшылары Астанада басталған таеквондодан халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар қатарында:
68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде – Самирхон Абабакиров
87 кг дейінгі салмақта – Батырхан Төлеғұлы
87 кг-нан жоғары салмақта – Бейбарыс Қабылан
Айрықша атап өтерлік жайт – Батырхан Төлеғұлының өнері. Ол финалдық кездесуде Париж-2024 Олимпиада чемпионы, Африка ойындарының екі дүркін жеңімпазы Фирас Катуссини жеңіп шықты.
Ал Самирхон Абабакиров шешуші жекпе-жекте Тунис өкілі Фарес Боужеманы сенімді түрде ұтты.
Супер ауыр салмақта Бейбарыс Қабылан Азия чемпионатының 2026 жылғы күміс жүлдегері, өзбекстандық Марат Мавлоновтан басым түсті.
Kazakhstan Open – халықаралық рейтингтік турнирлер күнтізбесіне енген жарыс. Ол әлемнің әртүрлі елдерінен келген ең мықты спортшылардың басын қосады.