Қазақстандық студенттер шетелде тәжірибеден қалай өтіп жүр

25 Шілде 2023, 18:26
621
Бөлісу:
Қазақстандық студенттер шетелде тәжірибеден қалай өтіп жүр
Фото: gov.kz

Торайғыров университетінің агрономдары мен биологтары шетелде тәжірибеден өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Польша, Түркия, Германия және Чехия кәсіпорындарында жүр.

Өндірістік тәжірибе PrimаVega ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін және өндіретін ірі инновациялық компаниясында өтіп жатыр (Польша). Осындай мүмкіндік Ломжедегі Қолданбағы Ғылымдар Халықаралық Академиясымен жасалған келісімшарт шеңберінде туды.

Студенттер «Green Holding» компаниясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қаптау, өсіру, суару, жинау бойынша тәжірибелерін молайтады. Бұл – Еуропада ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін жетекші холдинг.

Айта кетейік, Павлодар облысы - аграрлы аймақ. Өңірге заманауи және техникалық тұрғыдан дамыған кәсіпорындарда тәжірибеден өткен кәсіби мамандар керек. Студенттер тәжірибеден өткен мерзім еңбек өтілі ретінде есептеледі.

Анталияда тәжірибе «Caspian Center» ЖШС-де, Здуновода «Agrarna AR Sp.z.o.o» компаниясында өтіп жатыр. Ал Германиядағы тәжірибе «DUELA -Nienburg» және «LOGO.e.V.» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынған. Чехияда тәжірибелік жұмыс Оломоуц қаласындағы Палацк университетінде ұйымдастырылды. Барлығы 20 студент аттанды.

Жаңа білімдер мен дағдылар жастарға отандық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Біздің мақсатымыз да сол. Ол үшін шетелдік жоғары оқу орындары мен компаниялармен серіктес болуға тырысамыз. Біз үшін студенттердің үздік тәжірибелерді меңгеруі маңызды. Тәжірибеден өтіп жатқан жастарды тағатсыздана күтеміз, - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Өзгелердің жаңалығы