Қазақстандық Шымкентте жалған 1900 АҚШ долларын сатпақ болған

20 Ақпан 2024, 10:09
401
Бөлісу:
Қазақстандық Шымкентте жалған 1900 АҚШ долларын сатпақ болған
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.

Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтаруға ниеті ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін. Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу ҚР ҚМА 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы