Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

6 Сәуір 2022, 18:17
3008
Бөлісу:
Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шахматшы  Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 жасында ең жас Әлем чемпионы атанған Бибісараға аталған ұйым арнайы сертификатын жолдады.

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) – блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Пльшаның Варшава қаласында Блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті, - делінген ресми құжатта. 

Естеріңізге сала кетейік, Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атанды.

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Сондай-ақ осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2-орынды иеленді. Шешуші партияларда Бибісара грузиялық тәжірибелі шахматшы - гроссмейстер Нану Дзагнидзені, өз отандасы Әсел Серікбайды жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.

Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстан тарихында тұңғыш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының триумфаторы Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген.

Әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).

Өзгелердің жаңалығы