Қазақстандық парабишілер Әлем кубогында бірінші орын алды

11 Қыркүйек 2019, 10:12
2618
Бөлісу:
Қазақстандық парабишілер Әлем кубогында бірінші орын алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында өткен парабишілер арасындағы Әлем кубогында ерекше мүмкіндіктері бар балалар үш бірінші, бір үшінші және бір төртінші орынды иеленді. Жас чемпиондар елордаға оралды.

Әлем кубогына барлығы 20 елден: Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Италия, Мексика, Нидерланды және т.б. 150-ден астам биші қатысты. Өз шеберлігін көрсетіп, ел намысын көрсетуге Қазақстаннан да парабишілер аттанған болатын.

Фото 9.jpeg

Аруа Бейхари, Ақбота Рысбекова, Алтынай Қазбекова, Ақнұр Ақжаркенова және Лестеин Асламбеков – ерекше балалар және олардың барлығы халықаралық біріншілікте лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды.

«Мен биді жақсы көремін, бимен үнемі айналыса аламын! Мен үшін төртінші орын – бұл өте үлкен жетістік, себебі мен осындай үлкен жарысқа алғаш рет қатыстым. Онда мен басқа елдердің балаларымен таныстым, біз көп сөйлесіп, тіпті бірге биледік», - дейді кішкентай Алтынай.

Фото 10.jpg

Оның жасы бар болғаны 8-де, биыл Алтынай екінші сыныпқа барды. Айтпақшы, кішкентай биші Нұр-Сұлтан қаласының №62 мектеп-лицейінің инклюзивті сыныбында оқиды және бірінші сыныпты «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. Алтынайдың анасы Салтанат Қазбекова айтып өткендей, оның қызы мектепке қуана барады, оған оқу ұнайды. Бірақ басты әуестену – би болып қала береді.

«Алтынай бимен екі жыл айналысып келеді. Бірақ осындай ірі жарысқа біз алғаш рет қатысып отырмыз. Біз қызыммен «Ана мен қыз» номинациясы бойынша төртінші орынға ие болдық, онымен бірге жұптық би биледік. Менің ойымша, бұл ата-аналардың өз балаларының қызығушылығын қолдауы өте маңызды», - дейді Салтанат Қазбекова.

Тағы бір қатысушы – Аруа Бейхари «Қыздар. Жасөспірімдер. Жалпы бағдарлама» бойынша бірінші орынға ие болды.

«Әлем кубогына аттана отырып, Аруа: «Мен медальсіз оралмаймын!» және ол қолымнан келді», - деп күледі Аруаның анасы Аида Колпакова.

Биші қыз өзінің жеңісіне өте қуанышты және бұл соңғы медаль емес екеніне сенімді.

Фото 5.jpg

«Екі жыл бимен шұғылданып келемін. Бұл менің екінші «алтыным», бірінші рет Орал қаласында өткен чемпионатта жеңіске жеттім. Мен үшін өз елі үшін медальді жеңіп алу абырой болды және бапкер Әлия Түсіпбековаға бимен айналысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіргім келеді», - дейді Аруа.

Балалардың Әлем кубогына сапары «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан «Жас дарындар» жобасының арқасында мүмкін болды.

Жобаның мақсаты - республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға және қоғамның тұрақты дамуына, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамытуға жәрдемдесетін өзге де іс-шараларға қатысу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларына жол жүру гранттарын (екі жаққа авиа -, авто -, теміржол билеттерін) беру.

Фото 8.jpeg

«Біз үшін бұл ерекше жоба, себебі оның арқасында жас қазақстандықтар республикада да, шетелде де түрлі жарыстарға қатыса алады», - деп «Samruk - Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Диас Әзбергенов атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы