Қазақстандық пара дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды

24 Тамыз 2023, 14:34
763
Бөлісу:
Қазақстандық пара дзюдошылар 4 медаль жеңіп алды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

IBSA Дүниежүзілік ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық пара дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байрақты бәсекеде  48 кг салмақта, J2 санатында өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек финалдық белдесуде украиндық спортшы Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен жеңіп, чемпион атанды.  

Жарыстың күміс жүлдесін J1 санатында, 73 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Ерғали Шамей иеленді.

Ал 60 кг салмақта, J2 санатында белдескен Ануар Сариев пен J2 санатындағы 73 кг салмақта белдескен Олжас Оразалыұлы қола медальға ие болды. Ануар ақтық тартыста кореялық споршы Мин Лимен кездесіп, иппонмен жеңді. Өз кезегінде Олжас украиндық Руфат Махаммедты жеңіп, жарыстың жүлдегері атанды.

IBSA Дүниежүзілік ойындары Ұлыбританияның Бирменгем қаласында 20-27 тамыз аралығында өтуде. Атамыш жарыс көру қабілеті зақымданған (J2) және мүлдем көрмейтін (J1) спортшылар арасында өтеді.

Биыл IBSA Дүниежүзілік ойындарының нәтижесі әлем чемпионатына теңестірілді. Осыған орай, Ақмарал Науатбек әлем біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанды.

Өзгелердің жаңалығы