Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 2 қола медаль жеңіп алды

30 Шілде 2022, 14:00
2211
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 2 қола медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов facebook-те жазды.

Қазақстанның халықаралық олимпиадалардағы жеңістері өз жалғасын тауып жатыр. Оушыларымыз лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет бірден 2 қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін команданың ең үздік нәтижесі 1 қола медаль болатын. Осы жолы Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина өткен жылдардың рекордтарын жаңартты, – деді Аймағамбетов.

Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысты.

Бірінші бөлімде оқушылар мынадай тілдерде бес тапсырма орындады:

• Убых,

• Чам,

• Нцъу,

• Арабана,

• Алабама.

Екінші бөлім маньчжур тіліне арналды.

Сондай-ақ, министр әлемдегі дарынды оқушыларға арналған ең күрделі зияткерлік олимпиадалардың бірінде жоғары марапатқа ие болған оқушыларды құттықтады.

Құрметті Аида, Дарья! Сіздер әлемдегі дарынды оқушыларға арналған ең күрделі зияткерлік олимпиадалардың бірінде жоғары марапаттарға ие болдыңыздер. Былтыр ел қоржынына қола жүлде әкелген Дарьямен кездесіп, құттықтағанымыз есімде. Бойларыңыздағы эрудиция, ақыл-парасат, табандылық және қажырлы еңбектеріңіз жаңа жеңістерге жетелей берсін! Ұстаздарыңызға кәсіби шеберліктері және ата-аналарыңызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, – деп жазды Оқу-ағарту министрі.

Өзгелердің жаңалығы