Қазақстандық мерген әлем кубогының жүлдегері атанды

30 Мамыр 2022, 19:46
1150
Бөлісу:
Қазақстандық мерген әлем кубогының жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр. 

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды. 

Айта кетерлігі, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміс медальға ие болды. 

Өзгелердің жаңалығы