Қазақстандық мерген Әлем Кубогінің қола жүлдегері атанды

24 Наурыз 2023, 16:35
1124
Бөлісу:
Қазақстандық мерген Әлем Кубогінің қола жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан қазақстандық Александра Ле қола медальге ие болды. Ол бұл сында 261.2 ұпай жинады. Алтын қытайлық спортшының еншісінде кетсе (265.7 балл), 2-орынға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Мэри Такер қол жеткізді, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогінің кезеңі 27 наурызда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы