Қазақстандық мамандар Ташкентте асфальтобетоннан жол салды

22 Мамыр 2023, 15:09
842
Бөлісу:
Қазақстандық мамандар Ташкентте асфальтобетоннан жол салды
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстандық мамандар Ташкентте полимер асфальтобетоннан салынған тәжірибеге арналған жол учаскесін төседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері DamitiLegaGroup ЖШС-мен бірлесе отырып, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында автомобиль жолының тәжірибелік учаскесінің құрылысы бойынша бірлескен жобаға қатысты.

Осылайша Ташкентте Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Германиядан жиналған мамандардың қатысуымен ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайтын тәжірибе учаскесі салынды. Аталған учаскідегі құрылыс барысында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына резеңке үгіндісі мен бірегей композициялық материалдар негізіндегі асфальтобетонның кешенді модификаторы қолданылды.

Осы ретте қазақстандық мамандардың алдында РКМ-2 модификациялаушы құрамымен дәстүрлі қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонның оңтайлы қоспасын таңдау міндеті тұрғанын атап өткен орынды.

Жалпы полимерасфальтобетон жабындарын дайындау кезінде модификаторды қолданудың тиімділігін анықтау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы