Қазақстандық делегация Түркияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды

3 Мамыр 2023, 18:34
814
Бөлісу:
Қазақстандық делегация Түркияның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бастаған Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Анкара мен Стамбулдағы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл сапар Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі Комитетінің вице-президентінің шақыруымен өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қорғаныс қажеттіліктеріне арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу саласындағы түрік компанияларының тәжірибесімен, сондай-ақ әскерлер мен қаруды басқарудың жауынгерлік ақпараттық және автоматтандырылған жүйелерінің мүмкіндіктерімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы