Қазақстандағы жалақының орташа мәні 340 636 теңге болды

6 Мамыр 2023, 09:51
1454
Бөлісу:
Қазақстандағы жалақының орташа мәні 340 636 теңге болды
Фото: Артём Чурсинов

Ұлттық статистика бюросы биылғы 4 айдағы көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды. 2022 жылмен салыстырғанда өсім 19,3%, ал нақты мәнде 0,6%-ға төмендеді.

Медиана жалақы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсандағы бағалау бойынша 225 736 теңге болды.

Еңбек ету саласы бойынша бөліністе ең жоғары жалақы мөлшері тау-кен өндіру саласында – 766 555 тг, одан кейін қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг. Үздік үштікте ақпарат және байланыс саласын, мұндай айлық – 541 218тг.

Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында, яғни 201 884 тг. Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге.

Атаулы мәнде ең үлкен жалақы мөлшері Атырау облысында – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы СҚО-да – 241 102 теңге. 

Өзгелердің жаңалығы