Қазақстандағы ең танымал 5 фамилия қандай?

22 Желтоқсан 2022, 18:50
2334
Бөлісу:
Қазақстандағы ең танымал 5 фамилия қандай?

Мүмкін сіздің тегіңіз елімізде жиі кездесетін шығар. Ұлттық статистика бөлімі Қазақстанда жиі кездесетін 5 текті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше Қазақстанда жиі кездесетін тектер жетерлік. Солардың ішінде барлығы қазақ тектері екені қуантады. 

Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов(а). Бұл тек еліміз бойынша 66 091 адамда кездеседі. Келесі орында  Серік тегі.  Ол 45 193 адамды кездеседі екен. Үштікте— Омаров(а) тегі. Елімізде бұл фамилия 40 322 адамда бар. Ал төртінші орында - Оспанов(а) тегі. Республика бойынша  36 142 адам осы текте. Әл үздіктер бестігін Әлиев(а) тегі қортындылайды. Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387, - дейді статистика бюросының мамандары.

 Сондай-ақ елімізде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 тегі де жиі кездеседі екен.

Өзгелердің жаңалығы