Қазақстанда жылқы басы 3,8 миллионға жетті

11 Маусым 2023, 19:35
851
Бөлісу:
Қазақстанда жылқы басы 3,8 миллионға жетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығының еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласының бірі – мал шаруашылығының еңбеккерлері, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбегіңіздің арқасында елімізде мал мен құс санының өсу қарқыны артып, олардың сапалық көрсеткіштері жақсарды, жануарлардың өнімділігі артты. Сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғайды, - делінген хабарламада.

Бүгінде мал шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40% құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,5 млн басты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 4,2% - ға артық, қой 4,8%-ға 19,5 млн дейін, жылқы 10,5%-ға 3,8 млн басқа дейін ұлғайды, түйе 6,5%-ға ұлғайып, 259,1 мың басты құрады, құс 4% және 49,8 млн басқа жетті.

Білікті кадрлардың арқасында фермерлер еңбек тиімділігін арттыру және саланы техникалық қайта жарақтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Орасан зор табиғи бәсекелестік артықшылықтары бар еліміз үшін мал шаруашылығын дамыту Қазақстанды әлемдік нарыққа мал шаруашылығы өнімдерін ең ірі жеткізушіге айналдыра алатын негізгі басымдықтардың бірі. Саланың кадрлық әлеуетін, бар күш-жігері мен білімін өнімді әрі табысты мал шаруашылығын дамытуға жұмсаған мамандар еліміздегі мал шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына серпін беретініне сенімдіміз, - деп құттықтады АШМ.

Өзгелердің жаңалығы