Қазақстандықтарға наурыз айында тағы бір мереке күні қосылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.
Журналистер вице-министрден жаңа Конституция күнін ұлттық мереке ретінде бекітіп, қазақстандықтарға қатарынан екі күн демалыс беру жоспарда бар-жоғын сұрады.
Айуынша, Еңбек министрлігі бұл бастаманы қарастыруы мүмкін.
Конституция қабылданғаннан кейін мереке 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды. Сондықтан бұл күннің мереке күні әрі ресми демалыс болатыны сөзсіз, – деді Виктория Шегай.
Ал Конституция күніне байланысты екі күн демалыс беру мәселесіне қатысты вице-министр бұл сұрақты қарастыруға болатынын айтты.
Менің ойымша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралатын болады. Қазір бұл сұраққа нақты жауап беруге дайын емеспіз, – деді ол.