Қазақстанда ұн өндірісі 3,7%-ке өсті

26 Қыркүйек 2023, 07:23
608
Бөлісу:
Қазақстанда ұн өндірісі 3,7%-ке өсті

2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ ұлттық статистика бюросыына сілтеме жасап.

Импорт үлесіне ұнның 1,4%-і тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1%-ке артқан.

Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.

Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.

Еске сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы