Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін арнайы орталық құрылады

10 Наурыз 2022, 17:09
1386
Бөлісу:
Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін арнайы орталық құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды.

Ол Президенттің тапсырмасымен тиісті заң жобасы әзірленгенін айтты.

Жаңа тетікке сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы (590 мың адам) Отбасы банкіне беріледі және оған есепке қою тоқтатылады. Отбасы банкі базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат тұра алады, - деп айтты вице-министр.

Оның сөзінше, әрбір өтінім үшін кірістерді, мүлік пен активтерді ашатын отбасының сандық портреті жасалады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы – тұрғын үйі жоқ ел азаматтары бойынша мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құру «тұрғын үйге мұқтаж» деген мәртебені растау үшін бірнеше инстанцияға жүгінудің, кезекке тұрудың, содан кейін қарыз алу үшін банкке жүгінудің қажеттілігін жоятын «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының жаңа моделіне сәйкес тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және кіріс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Дауылбаев Мәжілісте.

Табысы отбасының әрбір мүшесіне 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау төлемдерін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Сонымен қатар табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары кезекте тұрғандарға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті тұрғын үй қарыздары түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы