Қазақстанда талапқа сай емес 9 вагон рейстен алынды

Көлік министрлігі 9 жолаушылар вагонын пайдалануға тыйым салды.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 11:12
Бүгiн 2026, 11:12
223
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда жыл басынан бері 280 жолаушылар пойызы тексерілді.

Көлік министрлігі мәлім еткендей, биылғы жылдың 4 айында 280 жолаушылар пойызында бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 569 дерегі, билетсіз жүрген 88 жолаушы, сондай-ақ рәсімделмеген 1 308 кг жүк анықталды. Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, сервистік қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды пайдалануға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 9 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы бақылау жұмыстарын жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов Қазақстанда 4 жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салынатынын айтты. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағанды облысында 28 жыл еңбек еткен теміржолшыны пойыз қағып кетті

Қазақстан мен Өзбекстан «Keruen Express» туристік пойызын іске қосты

Бейнеуде пойыз жолаушысынан 84 литр контрабандалық алкоголь тәркіленді

Наверх