Қазақстанда тағы бір жаңа техникалық университет ашылады

7 Маусым 2023, 00:10
2344
Бөлісу:
Қазақстанда тағы бір жаңа техникалық университет ашылады
Фото: inbusiness.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлытау техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Ұлытау техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын, – деп жазылған құжатта.

Университет Жезқазған қаласында жұмыс істейтін болады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен құрылатын аталған акционерлік қоғамға жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге бөлінсін.

Оның қызметінің негізгі мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып айқындалсын, – деп жазылады құжатта.

Құжат қоғамдық талқы үшін «Ашық НҚА» сайтына 19 маусымға дейін орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы