Қазақстанда тағы бір мобильді оператор пайда болуы мүмкін

11 Тамыз 2023, 13:06
3365
Бөлісу:
Қазақстанда тағы бір мобильді оператор пайда болуы мүмкін
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг барысында журналист «Жақында Қазақстанда жаңа мобильді оператор бола ма? Ондай ұсыныстар бар ма?» деген сауал қойды.

Әрине министрліктің басты мақсаты – бәсеке орнату. Одан бөлек біз саланы дамытумен айналысып, реттегіштің де қызметін атқарамыз. Мұнда 2 мәселе бар. Біріншіден, Үкімет тапсырма берді, яғни «Қазақтелеком» компаниясының ішіндегі 2 мобильді оператордың біреуінен шығару. Қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Екіншіден, осы жылдың аяғына дейін 5G желісін сату үшін тағы бір аукцион ұйымдастырылады. Егер оны тағы бір инвестор жеңіп алса, онда жаңа мобильді оператор пайда болатын шығар, - деді комитет төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы