Қазақстанда сот қызметкері күні тойланады

5 Сәуір 2022, 05:27
3794
Бөлісу:
Қазақстанда сот қызметкері күні тойланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судья және сот қызметкері күнімен толықты.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған 2022 жылғы 31 наурыздағы тиісті қаулы үкімет басшысының сайтында жарияланды.

Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: "24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі", деп жазылған құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы