Қазақстанда шетелдік мамандар қандай салада сұранысқа ие?

19 Сәуір 2023, 15:40
735
Бөлісу:
Қазақстанда шетелдік мамандар қандай салада сұранысқа ие?
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Елімізде тапшы әрі сырттан жиі шақырылатын мамандықтар бойынша шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов мәлімдеді.

Тізімге денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым сияқты салаларда сұранысқа ие 21 кәсіпті көздейді, - спикер.

Шетелдіктердің кәсіптік мамандығы жоғарыда аталған тізімге сәйкес болған жағдайда Ішкі істер министрлігіне өтінім білдіре алады.

Айта кетейік, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Еңбек жәнеәлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Еңбек министрлігі) халықтың көші-қоны саласындағы қосымша 22 функция беру арқылы Көші-қон комитеті құрылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы