Қазақстанда құрылыс қызметіне қоғамдық бақылау енгізілуі мүмкін

17 Қаңтар 2024, 10:25
667
Бөлісу:
Қазақстанда құрылыс қызметіне қоғамдық бақылау енгізілуі мүмкін
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды әзірлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов заң жобасының негізгі мақсатын түсіндіріп өтті.

Құрылыс кодексінің жобасы және оған ілеспе заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін әзірленді. Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұлғайту қарастырылған, - деп айтты депутат.

Оның сөзінше, Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады. Ілеспе заң жобасы 4 кодекске, қолданыстағы 13 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Осыған байланысты комитет заң жобаларын жұмысқа алуға, олар бойынша қорытындылар әзірлеуге дайын.

Өзгелердің жаңалығы