Қазақстанда пәтерді жалға алу бір жылда 18 пайызға қымбаттады

31 Қаңтар 2022, 11:33
1747
Бөлісу:
Қазақстанда пәтерді жалға алу бір жылда 18 пайызға қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда 18 пайызға қымбаттады, деп хабарлады еnergyprom.kz.

Еnergyprom.kz-тің келтірген мәліметіне сәйкес қала орталығындағы ай сайынғы жалға берілетін (бір жатын бөлмелі) тұрғын үйдің құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан жоғары құны бойынша 107 орынның ішінде 82-орынға тұрақтады. Жалдау бағасы 303,85 АҚШ доллары болды.

Ең қымбат тұрғын үй Гонконг, Сингапур және БАӘ-де болса, ең арзаны Непалда.

ТМД елдерінің ішінде Әзірбайжанда тұрғын үйді жалға алу Қазақстанға қарағанда арзанырақ – айына 266,3 АҚШ доллары.

Ресейде ай сайынғы жалдау ақысы 412,51 АҚШ доллары, Арменияда — 396,74 АҚШ доллары, Украинада — 366,11 АҚШ доллары, Өзбекстанда — 322,27 АҚШ доллары, Беларусьте — 306,17 АҚШ долларын құрады.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бір жылда бірден 17,5%-ға, 1 шаршы метр үшін 1,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде Алматыда жалға алу бірден 40,6%-ға қымбаттады. Анти-лидерлердің үштігіне Орал мен Шымкент те кірді — бұл қалаларда 32,5% және 31,3%-ға өскен. Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Таразда — 5,5%.

Жалға алудың ең жоғары бағасы елордада байқалды – шаршы метрі үшін 3,7 мың теңге. Ең «қымбат» қалалардың қатарында сондай-ақ Алматы (3,3 мың теңге) мен Ақтау (2,4 мың теңге), «ең арзан» қалалардың қатарында Тараз (1,4 мың теңге) тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы