2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Павлодар облысында орналасатын болады.
Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылатын болады.
Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де «Баршаның назарына!» бүкіл ел бойынша барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз.
Оқу жаттығу қарсаңында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері Павлодар облысына келді
Оқу-жаттығудың практикалық бөлігін өткізу орны Аққулы ауданына барып, аудан әкімімен өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен жұмыс кеңесі өткізілді. Дайындық іс-шараларының барысы туралы баяндамалар тыңдалып, қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.