Қарттар күніне орай Ұлттық статистика бюросы қазіргі таңда Қазақстанда 60 және одан үлкен жастағы адамдардың саны 3 миллионға жуықтағанын хабарлады. Бұл ел халқының жалпы санының 14,2 пайызын құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамды құрады. Олардың ішінде ер адамдар саны – 1 163 270, ал әйелдер – 1 760 202.
Бюро өкілдері олардың ең көп шоғырланған өңірлерін атады:
«60 жастан асқан азаматтардың 1 894 268-і қалалық жерде, ал 1 029 204-і ауылдық жерде тұрады», – деп хабарлады бюродан.
Сонымен қатар, қазір Қазақстанда жасы 100-ге толған және одан асқан 1 323 адам тұрып жатыр.
Ведомство сондай-ақ биылғы II тоқсанда 60 және одан үлкен жастағы жұмыспен қамтылғандар саны 465 302 адамды құрағанын қосты.
Айта кетейік, бүгін – Халықаралық қарттар күні.
Сондай-ақ, мерекеге орай Қазақстанның үш өңірінде қарттарға біржолғы ақшалай көмек берілетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендеді: Әйелдер ана атануды кейінге шегеруде
Қазақстанда дене белсенділігімен айналысатын халықтың үлесі артты
Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды