Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтаудың жаңа әдістері енгізіледі

Жоба онкологияда молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін енгізіп, диагностиканы ұйымдастырудағы құқықтық қайшылықтарды жоюды көздейді.

 ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов 29 Шілде 2026, 13:09
29 Шілде 2026, 13:09
222
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов

Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартына өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулерді әзірледі.

Құжатта зертханалық диагностиканы жүргізу тәртібі, сондай-ақ зертханалар орындайтын зерттеулердің көлемі мен түрлері айқындалған.

Сондай-ақ құжат қолданыстағы нормаларды денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі талаптарына сәйкестендіріп, диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру кезіндегі құқықтық қайшылықтарды жоюды көздейді.

Негізгі өзгерістердің бірі – онкология саласындағы референс-зертханалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін стандартқа молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін енгізу. Сонымен қатар гистологиялық әдісті клиникалық зертханалық зерттеулер тізімінен алып тастап, оны патологиялық-анатомиялық қызметтің құзыретіне бекіту ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шара медициналық көмек көрсету стандарттары, лицензиялық талаптар және медицина мамандарының біліктілік сипаттамалары сияқты әртүрлі нормативтік құжаттар арасындағы қолданыстағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы 12 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар онкологиялық қауіпті күшейтетін күнделікті әдетті анықтағанын жаздық. Глазго университеті мамандарының жетекшілігімен жұмыс істеген халықаралық ғалымдар тобы ұзақ уақыт бойы тапжылмай отыру онкологиялық аурулардың даму және одан болатын өлім-жітім қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Тағы оқи отырыңыз: Ашық есік күні онкологиялық орталықтарда 30 адамнан қатерлі ісік анықталды 

Алматыда онкологиямен ауыратындар көбейген: Төрт айда 2 мыңға жуық адам есепке алынған 

Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдейтін отандық дәрі шығарылады 

Наверх