Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым ұзартылмақ

Сонымен қатар жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен экспорттауға қатысты қолданыстағы шектеулер сақталады.

 freepik Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
111
Фото: freepik

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан әкетуге енгізілген уақытша тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін мұнай өнімдерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылмақ. Сонымен қатар жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен экспорттауға қатысты қолданыстағы шектеулер сақталады.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс елдерге жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумын әкетуге қатысты қосымша шектеулерді ұзарту көзделуде.

Министрлік мәліметінше, бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Наверх