Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған көлік инфрақұрылымының жабдықталуы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, теміржол көлігінде құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіш құрылғылармен және бейімделген купелермен жабдықталған.
2030 жылға қарай әрбір құрамда кемінде бір арнайы вагон болады. Вокзалдарды қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында қолжетімділікке қажетті элементтер қарастырылған: пандустар, лифтілер, көтергіш құрылғылар орнатылады, касса аймақтары мен санитарлық тораптар қайта жабдықталады. Сондай-ақ теміржол билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған, арнайы купелерге онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар, – дейді Нұрлан Сауранбаев.