Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмысты жиі жасайды

10 Қараша 2023, 11:39
1062
Бөлісу:
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмысты жиі жасайды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Биылдың 10 айында елімізде 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасады, бұл былтырғыдан 5% аз.

ranking.kz-тің мәліметінше, былтыр осындай кезеңде 886 мемлекеттік қызметкер қылмысқа барған. Ал 2021 жылдың қаңтар-қазаны қорытындысы бойынша 887 адам қылмыс жасады.

Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлер Шымкентте көп. Олардың саны 102 адам. Бұл былтырғыдан 2,2 есе көп.

Одан кейін Алматы (82 адам, 1,2% көбейген) және Астана (55 адам, 61,8% көбейген) алды. Жетісу (47 адам) және Алматы (43 адам) облыстарында да көрсеткіш жоғары.

Ұлытау облысының мемқызметкерлері заңды жиі бұзбайды.

Мемлекеттік қызметкерлер жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көбі - пара алу. Жалпы санның 22,6%-ы. Пара алған мемлекеттік қызметкерлердің саны бір жылда 4,4% өсіп, 190 адамға жеткен.

Мемлекеттік қызметкерлер алаяқтықпен де жиі ұсталды: 167 адам — былтырғыдан 20,1% көп. Мемлекеттік қызметкерлер жиі бұзған үш баптың қатарында сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу да болды, ол бойынша 107 адам ұсталды.

Жоғарыда аталған баптардан басқа, жиі жасалатын қылмыстар мыналар:

  • азаптау;
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
  • әскери қызметкерлер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзу;
  • көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
  • пара беру;
  • салғырттық;
  • жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.
Өзгелердің жаңалығы