Қазақстанда локомотивтердің 50 пайызы тозған - министр

21 Қараша 2023, 10:37
452
Бөлісу:
Қазақстанда локомотивтердің 50 пайызы тозған - министр
Фото: Артём Чурсинов - архив

2025 жылға дейін 568 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарабаеатың дерегінше, локомотив паркінің жалпы саны – 1 мың 880 бірлік. Тозу деңгейі – 52%.

Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында осы жылы 133 бірлік локомотив сатып алынды. Локомотивтердің негізгі өндірушілері отандық Локомотив және Электровоз құрастыру зауыттары болып табылады. Тарту ресурстарының тапшылығын ескере отырып, қосымша 200 бірлік локомотивтер сатып алу мәселесі пысықталуда, – деді министр.

Қарабаевтың сөзінше, 2025 жылға дейін 568 локомотив сатып алу жоспарлануда, бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты толық жоямақ.

Сондай-ақ министр жүк вагондарының саны 135 мың бірлік екенін атап өтті.

Нарықта 300-ден аса оператор жұмыс жасайды. Оның ішінде Қазақстан темір жолына 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған. 2025 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 275 бірлігі биыл пайдалануға берілді, – Көлік министрі.

Өзгелердің жаңалығы