Қазақстанда Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылады

21 Қараша 2023, 15:46
451
Бөлісу:
Қазақстанда Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылады
Фото: BAQ.KZ - архив

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-да өткен брифингте 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын айтарлықтай қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қойып отыр. Осы мақсатта Еңбекмині 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірледі, ол еңбек жағдайларын жақсартуды және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруда жаңа тәсілдерді қолдану, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесіне жұмыскерлердің қатысуын жандандыру, білім сапасын арттыру және білімді тәуелсіз бағалауды енгізу арқылы еңбекті қорғау бойынша білімді тексеру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту есебінен өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуді көздейді, – деді ЕӘҚК төрағасы.

Сондай-ақ тұжырымдама шеңберінде Отбасының цифрлық картасына ұқсас Кәсіпорындардың цифрлық картасын жасау көзделген. 

Бұл еңбекті қорғаудың тиімді мемлекеттік мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге, проблемалық мәселелерді шешу, еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыскерлерге олардың еңбек құқықтарының толық көлемде сақталуына кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша әрбір кәсіпорынды жедел және нақты қарастыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы